18 Мамыр 2021
Материал К.Смагулов

1 сыныпқа қабылдау

«Атырау облысы білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Қ.Смағұлов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау

ЖАЛҒАСУДА

 

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.

 

* Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.

 

* Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі.

Бірінші сыныпқа келетін балалардың құжаттарын қабылдау  1 сәуірден басталады.

⠀Мектепке алты жасар және ағымдағы жылы, яғни 2021 жылдың 31 желтоқсанға дейін  6-ға толатын балаларды қабылдайды.

⠀Құжаттарды үйден шықпай «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тапсыруға болады.

⠀⠀⠀

Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Порталға жүгінген кезде қажетті құжаттар тізімі:

 

  1. Ата-анасының біреуінің  (немесе оларды алмастыратын тұлғалар) өтініші;
  2. Баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
  3. Көлемі 3х4 см 2 дана баланың сандық фотосуреті;
  4. № 063/е және № 026/е-3 нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжаттардың электрондық көшірмелері;

4.1. № 026/е-3 нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат бойынша міндетті түрде электронды жалғанатын 2021 жылғы толтырылған беттері:

* Титул беті (фамилиясы көрсетілген, 3*4 фотосы жапсырылған)

* 15-16 бет – бала, ата-ана туралы мәлімет;

* 22-24 бет екпе алу туралы мәліметі;

* 25 бет талдау (анализ) мәліметі;

* 30 бет – 6/7 жаста бағаны

** Тексеру күні;

** Баланың жасы;

** Бойы;

** Салмағы;

** Шағымы;

**Мамандардың тексеруі:

***Педиатор маман қолы мен мөрі міндетті түрде;

*** Хирург (толтырылған жағдайда);

*** Офтальмолог маман қолы мен мөрі міндетті түрде;

*** Отоларинголог маман қолы мен мөрі міндетті түрде;

*** Невропатолог маман қолы мен мөрі міндетті түрде;

*** Стоматолог маман қолы мен мөрі міндетті түрде,

*** Қорытынды диагноз;

*** Табиғи дамуын бағалау;

*** Жүйке психикалық дамуын бағалау;

*** Денсаулық тобы;

*** Ұсынымдар;

*** ҚОЛЫ (мөрімен міндетті түрде);

** 42-44 бет Эпикриз мәліметі міндетті түрде.

4.2. № 063/е нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат бойынша міндетті түрде 2021 жылғы бала 6 жасқа толғанда алатын екпе туралы белгілері болуы міндетті:

* Күл, көкжөтел, сіреспеге қарсы екпе (Прививка против дифтерии, коклюша, столбника) кестесі бойынша 6 жаста 2021 жылы алынатын екпе туралы мәлімет;

* Қызылшаға қарсы екпе (Прививка против кори) кестесі бойынша 6 жаста 2021 жылы алынатын екпе туралы мәлімет;

№ 063/е және № 026/е-3 нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжаттар толық электронды түрде ПДФ форматында жалғанады.

  1. Мәртебесін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, жұмыссыз ата-анасы бар отбасылардың балалары, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар, отбасыларда тұратын жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, т.б. болса)

 

Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау үшін педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы қосымша ұсынылады.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру бойынша құжаттарды қабылдау үшін үйде оқыту жөніндегі ұсынымы бар дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы қосымша ұсынылады.

 

Білім беру ұйымдарына құжаттарды egov.kz арқылы 1-сыныпқа оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы) нұсқаулығы

 

  1. Бір бала бір ғана өтінім беруі тиіс (бір оқу орнына);
  2. Жүктелетін құжаттардың жалпы көлемі 5 Мбайттан аспауы тиіс.

 

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизацияданөтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ(электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеубар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

 

Нұсқаулық сілтемесі: https://egov.kz/cms/kk/services/secondary_school/mon-197-205

 

⠀Мектепке бірінші аумақтық қызмет көрсету бойынша өтініш білдірген үш үміткер, тек содан кейін қызмет көрсету аумағынан тыс 1 (бір) үміткер оқуға қабылданатынын атап өту қажет.

 

1-сыныпқа қабылдауға жауап беретін маман: Узбаева Майра Айткалиевна Тел.: 87763359264.

 

Жалпы білім беретін Қ.Смағұлов атындағы орта мектебі бірінші сыныптың табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерімізді қуана күтуде!

 

http://smagulov.goroo-atyrau.kz/janalyqtar-smagulov

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=549917596398442&id=100041406189572